Ya Metrika Fast


English version

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Контекст дня — 2 августа 2023 17:20
0
Изображение 1 для Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Қазақстанда халық саны 19,8 миллион адамға жетті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Статистика деректері бойынша елде 6,6 мың мигрант бар. Қалада тұратын халық саны 12,3 млн адамды құрады. Ал ауылдық жерде 7,5 млн адам тұрып жатыр.

Қазақстан халқының жалпы саны бойынша халықтың 70,6 пайызын қазақтар құрайды. Орыстар – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%.


Айта кетейік, халық саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр. Мегаполисте 2,1 миллион өмір сүреді. Халық саны көп үш өңір қатарында Астана (1,3 млн) мен Шымкент (1,2 млн) қаласы бар.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.