Ya Metrika Fast
English version

Қазақстан өңірдегі тұрақтылыққа кепіл болатын ірі ел – Дендиас

Контекст дня — 5 декабря 2022 18:10
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Грекияның Сыртқы істер министрі Николаос Дендиасты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән беріліп, Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Грекияның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында маңызды серіктес елдердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел көпжақты алаңдарда өзара тығыз қарым-қатынас жасап келе жатқанын жеткізді.

– Грекиямен арадағы байланыстар біз үшін басымдық саналатынын тағы да атап өткім келеді. Біз өзара ынтымақтастық көрсеткіштерін жаңа деңгейге көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Тоқаев.

Өз кезегінде Николаос Дендиас екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Біз Қазақстанды өңірдегі тұрақтылыққа кепіл болатын Орталық Азиядағы ең ірі және басымдыққа ие ел ретінде қарастыратынымызды атап өткім келеді. Грекия Сіздің еліңізбен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын, – деді министр.

Фото: РБК Украина


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.