Қазақстан мен Түрікменстан екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму қарқынын арттырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді, – деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев ю өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.