English version

Қазақстан мен Қытай визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Контекст дня — 18 мая 2023 16:50
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында қазақ-қытай дөңгелек үстелінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу – Бір жол» бастамасын жүзеге асыру ісінде негізгі серіктестің бірі болып отырғанын атап өтті. Қытай Батыс Еуразияның ауқымды нарықтарына Қазақстан аумағы арқылы шыға алады.

Сондай-ақ Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» темір жолын іске қосу жоспарланғаны айтылды. «Достық – Мойынты» арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Темір жол арқылы жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік туады.

– Қазақстан қытай туристері үшін тартымды бағыттың бірі бола алады. Отыз күнге дейін визасыз жүру туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл қадам елімізге Қытайдан туристердің көптеп келуіне жол ашары сөзсіз. Жаңа туристік бағыттар ашып отырамыз. Қазір Қазақстанның 13 қаласына «Ашық аспан» режимі енгізілді. Сондай-ақ, 80 мемлекеттің азаматына визасыз келуге рұқсат берілді, – деді Тоқаев.

Коллаж: Exclusive.kz

#Тоқаев #Қазақстан #Қытай


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.