English version

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді

Контекст дня — 29 ноября 2023 16:30
0 -1

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған көмек Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек мәселесі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланып, көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіретіні нақтыланды.

– Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған. Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Риа Новости


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.