English version

Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатын жеңіп алды

Контекст дня — 30 апреля 2023 18:10
0 -1

Дзюдодан ерлер мен әйелдер құрамалары Астанада өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Exclusive.kz ҚР парадзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалда әйелдер құрамасы Өзбекстан құрамасын 3-2 есебімен жеңді.

Ерлер құрамасы шешуші кездесуде Өзбекстанның ең мықты командасына қарсы шықты. Біздің спортшылар қарсыластарын 4-0 есебімен жеңді.

– Жекелей сайыс бойынша құрама жоспарды толық орындады. Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылардың басым бөлігі құрамаға биыл қосылған жас балуандар. Осындай әлемдік дәрежедегі алғашқы жарыстарына қатысты. Олардың кейбіреулері, мысалы Альфия саусағының сынғанына қарамастан күресіп, жанкештілік танытты. 16 жасында Азия чемпионы атанды, – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.