English version

Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай ерекше бақылауға алынды

Контекст дня — 23 сентября 2022 14:30
0 -1

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатқанып хабарлады. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда.

– Ахуал ерекше бақылауда.
Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.
Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды, – делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.

Фото: t.me/uralskweek_kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.