Қазақстан Ресей әскерін Украинадан шығаруға дауыс беруден қалыс қалды
Қазақстан Ресей әскерлерін Украинадан шығару мәселесі бойынша дауыс беруден қалыс қалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Украинада жеріндегі бейбітшілікті қалпына келтіру және Ресей әскерлерін елден толық шығаруды ұсынған БҰҰ қарары 23 ақпанда жарияланды.
Құжатқа 141 мемлекет қол қойды. Олардың арасында Украина, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және басқа да көптеген елдер бар. Жеті ел қарсы дауыс берді: Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Эритрея, Мали, Никарагуа және Сирия. 32 ел дауыс беруден қалыс қалды. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения және басқа да бірқатар мемлекеттер бар.
Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украина аумағына басып кірді. Соғыс бір жыл бойы жалғасып келеді. Ресей мұны арнайы әскери операция деп атайды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.