Қазақстан Ресей–Украина соғысы бейбіт жолмен шешілгенін қолдайды – СІМ
Қазақстан Республикасы украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді, деп хабарлайды Exclusive.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолымен шешуге балама жоқ деп санаймыз. Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтті.
Фото: Украина.ру
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.