Қазақстан Ресейдегі әскери жаттығуларға қатысады
1-7 қыркүйек аралығында Ресейде «Восток-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.
– Оқу-жаттығу Шығыс әскери округінің полигондарында, сондай-ақ Охотск және Жапон теңіздерінің акваториялары мен жағалау аймақтарында өтеді. Оқу-жаттығуға барлығы 50 мыңнан астам әскери қызметші қатысады, – делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, қатысушылар қатарында ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да жедел басқару топтары, әскери контингенттері мен байқаушылар бар.
Айта кетейік, бұл оқу-жаттығулар тек қорғаныс сипатына ие.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.