Қазақстан Ресейге әскери техника жіберді ме? – министрлік жауабы
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады, – деп жазылған хабарламада.
Ведомство 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.
– 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын айта кеткен жөн.
Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.