English version

Қазақстан ресейліктердің елге кіруіне кедергі болмайды – Әшімбаев

Контекст дня — 22 сентября 2022 14:50
0 -1

Қазақстанда биылғы жылы турист ретінде, жұмыс бойынша келетін ресейліктердің саны артқан.

Осыған байланысты журналистер Сенат төрағасына «ресейліктердің елге кіріп-шығуын реттеу жоспарда бар ма, жоқ па?» деген сұрақ қойылды.

– Егер Ресей азаматтары біздің елге келгісі келсе, онда біз бұл процесті шектей алмаймыз және олай жасамауымыз керек. Бұл жерде ешқандай сұрақ туындамауы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Ресей азаматтары Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғысы келсе, онда заң бойынша талап етілетін құжаттар пакетін ұсынуы тиіс екені айтылды.

– Осы құжаттар тізбесінің ішінде мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Біздің заңда осындай тармақ нақты көрсетілген. Егер оның мемлекеті елден кетуге рұқсат бермесе, онда Қазақстан ол азаматқа елде тұруға рұқсат бере алмайды, – деді Сенат төрағасы.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.