Ya Metrika Fast


English version

«Қазақстан» шахтасынан үшінші шахташының денесі табылды

Контекст дня — 18 августа 2023 14:50
0
Изображение 1 для «Қазақстан» шахтасынан үшінші шахташының денесі табылды

«Қазақстан» көмір кенішінде қалып қойған. Қазір марқұмның жеке басын анықталып жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

«Арселор Миттал Теміртау» қайтыс болған кеншілердің отбасына компания тарапынан көмек көрсетілетінін атап өтті.

Атап айтар болсақ:


1) жерлеу шығындарын жабу;
2) қайтыс болған жұмысшылардың 10 жылдық еңбекақысы;
3) әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі;
4) 23 жасқа дейінгі балаларға қатысты барлық шығындар (оқу ақысы);
5) тұрғын үйі жоқтарға баспана;
6) тұрғын үйі барларға жөндеу жұмысы;
7) ипотекалық төлемдерді жабу;
8) марқұмдардың жұбайы мен бала-шағасын жұмысқа орналастыру;
9) әйелдер мен балаларға жыл сайын санаторийге жолдама.

Еске салайық, 17 тамызда Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» көмір кенішінде өрт шығып, 5 кенші жер астында қалып қойды.

Фото: Риа


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.