Қазақстан шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Шорт-трекші Алина Ажғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшы 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келді.
– Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі. Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын, –деп жазды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Фото: НОК РК
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.