English version

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Контекст дня — 10 февраля 2023 14:50
0 -1

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыста жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды.

– Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек, – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген еді.

Фото: 78.ru

Изображение 1 для Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.