Қазақстан Украинадағы соғыстан қандай сабақ алады?
Қорғаныс министрінің орынбасары Украинадағы соғыс аясында Қазақстанның Қарулы күштерінде қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Сұлтан Камалетдинов Украинадағы соғыс қимылдарының барысын барлық мемлекеттердің қарулы күштері бақылайтынын атап өтті.
– Тиісті қорытындылар жасалып жатыр. Бір-біріне ұқсас қарулы қақтығыстар болмайды, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан біз жауынгерлік даярлық бағдарламасына талдау жасаймыз, қараймыз, қорытынды жасаймыз, түзетулер енгіземіз, – деп атап өтті Камалетдинов.
Сондай-ақ әскери дайындық кезінде қандай техникаға икемделу керектігін айтты.
– Біріншіден, біз ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарының операторларымен жиындар өткізуге дайындықты бастадық. Өйткені бұл қарулы қақтығыс ұшқышсыз ұшақтардың барлау кезінде, шабуыл жасауда белсенді қолданылатынын көрсетеді, – деді
Қорғаныс министрінің орынбасары.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.