Қазақстан Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
– Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты. Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: aqorda
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.