Қазақстан Қытаймен су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында 20 адам жұмыс істейді.
– Қазақстан мен Қытайға ортақ Қорғас өзені бар. Екі мемлекетті бөліп ағатын өзеннің бойында Қытаймен бірлесіп ортақ гидротехникалық нысан салдық. Оның жұмысы 100% автоматтандырылған және шлюздері су шекара сызығының екі жағына бірдей ағатындай етіп жасалған. Бір тарап шлюзді көбірек немесе азырақ ашқысы келсе, екінші жағына да автоматты түрде тура сондай көлемде су ағады. Осындай үлгіде Сүмбе өзенінің бойынадағы нысанға реконструкция жасалды. Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Ұласты деген өзенде де екі тарапқа ортақ нысан салу туралы келісім бар, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.