Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болды
Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелерін сайлау Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы аясында өтті. Қариннің айтуынша, ұйымның 118 мүшесі Қазақстанға дауыс берген.
– Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді. Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын, – деп жазды Қарин Telegram-арнасында.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.