English version

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам өздерін банкрот деп жариялауға дайын

Контекст дня — 30 января 2023 16:30
0 -1

10 мыңнан астам адам жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңы бойынша көмек алуға өтініш берді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Біржанов банкроттық рәсімін ең 1,1 миллион адамның пайдалана алатынын еске салды.

– Бұл әркімнің өз еркіндегі іс. Банкрот мәртебесі қара белгі екенін ескере отырып, азаматтардың көпшілігі салмақты шешімдер қабылдайтынына сенімдімін. Несие алуға бес жылдық шектеу, жеті жыл банкрот тізімінде тұруды ескеру керек. Біз миллион адам өтініш береді деген болжам жасай алмаймыз. Бірақ қаңтар айында бізге күн сайын келіп түсетін өтінімдер бойынша 10 мыңнан астам адам жүгінді, – деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Айта кетейік, 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттық туралы өтінімдерді қабылдау басталады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.