Қазақстанда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды
Бүгін Үкімет отырысы өтіп, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықтың шамадан тыс несие алуын төмендету бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Жобалық кеңселердің маңызды міндеті азаматтарға несиелер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ банкроттық, жұмысқа орналасу және бизнесті қолдау шараларын алу мәселелері бойынша жәрдемдесу сияқты өзекті мәселелерді шешуде көмек көрсету. Тағы бір бағыт – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда ЖОО студенттері үшін қаржылық сауаттылық курстарын енгізу пысықталып жатыр.
Министрдің баяндамасына сәйкес, бүгінгі таңда жалпы борыш сомасы 9 млрд теңгеден асатын 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.