English version

Қазақстанда балық бағасы қымбаттады

Контекст дня — 17 октября 2022 12:50
0 -1

Сарапшылар Қазақстанда балық бағасының айтарлықтай қымбаттағанын мәлімдеді Қызылорда облысында балық кластері даму үстінде.

Қазір өңірде 15 мың тоннаға жуық өнім шығаратын 10 балық зауыты бар. Сонымен қатар, бағалы коммерциялық балық тұқымдарын көбейтуге ерекше назар аударылады.

Бұл ретте, 2022 жылдың дәл осы 8 айында басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балықтың, уылдырықтың тек 6,6 мың тоннасы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 29,7%,ға аз. Осы сегменттегі шығарылымның үштен бірінен астамы Түркістан облысына тиесілі болды: 2,4 мың тонна. Көшбасшылар үштігіне Батыс Қазақстан (1,8 мың тонна), және Шығыс Қазақстан (561 тонна) облыстары да кірді.

Energyprom мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйек айындағы есеппен салқындатылған балықтар бір жылда 15%-ға, мұздатылған балықтар 15,1%-ға, асшаяндар бағасы 26,4%-ға қымбаттаған.

Павлодар облысында балық бағасы айтарлықтай қымбаттаған (44,7%-ға), Қостанай (24,7%) және Маңғыстау (24%) облыстарында да балық бағасының қымбаттағаны байқалады.

Балық өнімдерінің ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%-ға, балық консервілері 29,6%-ға, скумбрия 23,8%-ға, тұздалған балық 22,2%-ға, қызыл уылдырық 21,2%-ға өсті.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Қазақстанда балық бағасы қымбаттады

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.