Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады
Қазақстан 2022 жылы тоғыз ай ішінде 3,7 млн тоннадан астам бензин өндірді, оның ішінде авиациялық бензин 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% — ға артық.
– ҚР мұнай өңдеу зауыттары бензинге сұранысты биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 98,7%-ға қамтамасыз етті. Тиісті кезеңде өндіріс көлемі 4,3%-ға, 3,3 млн тоннаға дейін өсті, ал импорт 44,7 есе өсті, – деп хабарлады energyprom сарапшылары.
2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда бензин бағасы 4%-ға өскен. СҚО-да (5,5%-ға), Павлодар облысында (5,1%-ға) және БҚО-да (4,8%-ға), Алматыда (4,8%-ға) қымбаттаған.
Ақмола (2,2%) мен Маңғыстау (2,6%) облыстарында безнин құны айтарлықтай қымбаттамаған.
АИ-95/96 маркалы бензин 2022 жылдың басынан бастап 1,4%-ға, бір жылдық көрсеткіш бойынша 6,9%-ға қымбаттады. АИ-98 бағасы бір жыл ішінде 6%-ға өсті.
Қазақстанда АИ-92 бензинінің бір литрінің орташа қыркүйек айындағы есеп бойынша 179 теңгені құрады. Бір Литр АИ-95/96 – 211 теңге, АИ-98 – 232 теңге.
Қалалар бойынша АИ-92 маркалы ең қымбат бензин Петропавлда (литріне 184 тг), Астанада (литріне 182 тг), Жезқазғанда (литріне 182 тг) және Қостанайда (литріне 182 тг) тіркелді.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.