Қазақстанда демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтерілді – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент азық-түлік қауіпсіздігі жағдайында агроөнеркәсіп кешенін сынға алды.
– Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет. Ашығын айтсақ, агроөнеркәсіп кешені бұл міндетті толық орындап отырған жоқ. Осы саладағы саясат бірізді емес. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат тиімді жұмсалмайды. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп, – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ осы жолғы Мәжіліс пен мәслихат сайлауында Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылғанын атап өтті.
– Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты, – деді Тоқаев.
Фото: Aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.