English version

Қазақстанда мектеп оқушыларына планшеттер беріледі

Контекст дня — 1 ноября 2022 14:50
0 -1

Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды.

2026 жылға қарай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлығы тәрбие және оқыту сапасын бағалаудың халықаралық құралдарын енгізеді.

Журналистердің сұрағына жауап берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің 400 мыңнан астам 1-сынып оқушысына планшет берілетінін айтты. Мусин оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету үшін отандық өнімді сатып алу жоспарда бар екенін айтты.

Ата-аналар білім беру жүйесіндегі «жан басына қаржыландыру» принципі бойынша кез келген балабақшадан орын таңдауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2026 жылға қарай бакалаврлар стипендиясының мөлшері 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады.

Фото: Спутник

Изображение 1 для Қазақстанда мектеп оқушыларына планшеттер беріледі

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.