Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тарылды – Ресейдің Бас консулы

Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров ТАСС-қа берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілін қолдану аясы тарылғанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Бобровтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда орыс тілді мектептер мен сыныптар саны қысқарып келеді. “Орыс тілі» пәні қазақ тілінде оқытатын бірінші сынып оқушыларына арналған бағдарламадан шығарылды.
– Бұл құбылыстың объективті себептері бар. Бұл – орыс халқының 15,2%-ға дейін қысқаруы. Сондай-ақ министрліктің қазақ тіліне сүйене отырып, мемлекеттік оқу бағдарламасын өзгертуге бағытталған шаралары да бар, – деді Бобров.
Ол Қазақстанда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тапшылығы бар екенін атап өтті. Бобровтың айтуынша, кадр тапшылығы орыс тілі мамандарын даярлаумен айналысатын педагогикалық институттардың факультеттерінің қысқаруынан туындаған мәселе.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.