Ya Metrika Fast


English version

Қазақстанда орыстілді мектептер азайып жатқанын айтқан Ресей консулы қызметінен кетті

Контекст дня — 29 августа 2023 16:30
0
Изображение 1 для Қазақстанда орыстілді мектептер азайып жатқанын айтқан Ресей консулы қызметінен кетті

ТАСС агенттігіне сұхбат беріп, Қазақстанда орыстілді мектептердің азайып жатқанын айтқан Евгений Бобров қазіргі уақытта ведомствода жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Айбек Смадияров Евгений Бобровтың не себепті қызметінен босатылғанын түсіндірмеді. Оның айтуынша, Қазақстанда орыс тілінің аясы тарылды деп айтуға еш негіз жоқ.

– 7711 мемлекеттік мектептің ішінде оқыту тек қазақ тілінде, 1203-інде орыс тілінде, 2551-інде қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Барлық мектептерді тек қазақ тілінде оқытуға толығымен көшіру жоспарланбаған, – деді Смадияров.


Айта кетейік, бұған дейін Бобров кейінгі жылдары Қазақстанда орыс тілді мектептер мен сыныптар қысқартылды деп сұхбат берген еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.