Қазақстанда үш бағыт бойынша әйелдер вагоны қатынайды

Қазақстанда әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды Exclusive.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастыруда.
– Мұндай вагондар №3/4 «Астана – Алматы», №33/34 «Алматы – Ақтөбе» және №71/72 «Астана – Шымкент» бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі, – деп жазылған хабарламада.
Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып No77/78 «Алматы – Маңғыстау» және No351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарының жолаушылары бағалады.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.