English version

Қазақстанда шенеуніктерге қазақ тілін білуді міндеттеуі мүмкін

Контекст дня — 14 апреля 2023 16:30
0 -1

Қазақстанда шенеуніктерге қазақ тіліне арналған тестті міндеттеуі мүмкін, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істейтін сала мамандарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындау мақсатында «ҚАЗТЕСТ» сертификатын міндетті ететін нормаларды енгізу пысықталатын болады. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі азаматтың қазақ тілін қай деңгейде меңгергенін анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді, – деп жазылған тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында.

2020 жылы мемлекеттік басқару академиясы алғаш рет қазақ тілін білу деңгейі бойынша оқыту тұжырымдамасының негізіне сүйене отырып, RESMI QAZTEST атты тестілеудің жаңа форматын әзірлеген еді.

RESMI QAZTEST әлемдік тәжірибелер негізінде әзірленген және тыңдау, көпшілік алдында сөйлеу, ресми оқу, ресми жазу және CEFR сынды халықаралық тестілеу орталықтарының орфографиялық нормаларын қамтиды.

Коллаж: aikyn.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.