English version

Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылады

Контекст дня — 26 января 2023 17:50
0 -1

Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, «супер ХҚКО» Мемлекеттік қызметтерді алу үшін барлық қажетті инстанциялар шоғырланатын ғимарат болады.

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді, – деді Бағдат Мусин.

Фото: sputnik

Изображение 1 для Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.