Қазақстанда тауарлық газдың бағасы 15%-ға қымбаттайды
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады, оған сәйкес шекті көтерме бағалар орта есеппен 15%-ға өседі, деп хабарлайды Exclusive.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы тұрғындар үшін 22,06 теңге/м3 құрайды.
– Тауарлық газға тұрғындарға арналған шекті көтерме бағалар 15%-ға өскен кезде Қазақстандағы бөлшек сауда бағалар өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды (ҚҚС есептемегенде). Тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуі тауарлық газды жеткізу құнының өсуіне, тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд м3-тен 2022 жылы 27,8 млрд м3-ке дейін төмендеуіне және ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд м3-тен 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд м3-ке дейін өсуіне байланысты, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-дан аспауға тиіс.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.