Ya Metrika Fast


English version

Қазақстанда тазы мен төбет тұқымдарын сақтау үшін арнайы заң дайындалады

Контекст дня — 7 октября 2022 17:10
0
Изображение 1 для Қазақстанда тазы мен төбет тұқымдарын сақтау үшін арнайы заң дайындалады

Астанада тазы мен төбет ит тұқымдарын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мемлекеттік ведомстволарға ҚР Президенті Іс Басқармасының ұсыныстары негізінде әзірленген заң жобасының түпкілікті нұсқасын енгізу тапсырылды.

Сондай-ақ, Экология министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, тазы және төбет ит тұқымдарының жаңартылған стандартының жобасын дайындауы керек.

– Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Ведомствоаралық топтың барлық шешімдерін сарапшылармен талқылап, олардың пікірлерін ескеру қажет. Бір кездері кинология ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы тапсырма болған. Іс аяқталған жоқ. Бұл жұмысты да жалғастыру қажет. Әрине, біздің ит тұқымдарымызды халықаралық кинологиялық қауымдастыққа (FCI) тіркеу және Қазақстанды тазы мен төбет отаны мәртебесіне бекіту жөніндегі рәсім ерекше бақылауда болуы тиіс, – деп атап өтті Айбек Дәдебаев.


Қазақстан аумағында тазы жеті мың жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Тазылар шөлді жерлерде аң аулауға бейім және төзімді келеді.

Төбет тұқымдас иттерді қазақтар қойларды, жылқыларды қасқырлардан қорғау үшін бұрыннан қолданған. Бүгінгі таңда төбет тұқымы жойылу алдында тұр. Биылғы жылдың тамыз айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың ит тұқымын сақтауды тапсырған еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.