Қазақстанда тыныштық күні жарияланды
Бүгін, 19 қараша күні елімізде кезектен тыс президент сайлауы алдындағы тыныштық күні жарияланды.
Дауыс беру қарсаңындағы күн – тыныштық күні деп аталады. Заңға сәйкес, сайлауға бір күн қалғанда және дауыс беру күні кез келген сайлауалды үгітке тыйым салынады. Кез келген үгіт-насихат кандидат немесе сайлау бірлестігі үшін зиян тигізеді.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша, жексенбі күні өтеді. Сайлауға түсетін алты кандидат белгіленді. Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция), Мейрам Қажыкен (Аманат республикалық кәсіподақтар бірлестігі), Жигули Дайрабаев (Ауыл партиясы), Қарақат Әбден (Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы республикалық қоғамдық бірлестігі), Салтанат Тұрсынбекова (Қазақ аналары – дәстүрге жол республикалық қоғамдық бірлестігі), Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы).
Фото: АА

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.