Ya Metrika Fast


English version

Қазақстандағы барлық балалар лагерлері тексеріліп жатыр

Контекст дня — 20 июля 2023 18:00
0
Изображение 1 для Қазақстандағы барлық балалар лагерлері тексеріліп жатыр

Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Exclusive.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің елімізде 848 лагерь жұмыс істейтінін хабарлады. Оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

– Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Тексерулермен балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын қамту жоспарлануда, – деп жазылған хабарламада.


Сондай-ақ 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.