English version

Қазақстандағы үдерістерді ерекше бақылап отырмын – Ердоған

Контекст дня — 30 сентября 2022 15:35
0 -1

Түркияның Измир қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс шараға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі және басқа елдердің өкілдері қатысты.

Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынасады. Олар – көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі.

Мәжіліс төрағасы дүбірлі дода алдында Қазақстан құрама командасы мүшелерімен арнайы кездесті. Оларға мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп, жеңіс тіледі.

– Қазір күллі Қазақстан халқы сіздерге жанкүйер болып отыр. Қоржындарыңыз алтынға толсын. Қазақ спортшыларының қандай мықты екенін дүбірлі додада дәлелдеп, ел абыройын асқақтата беріңіздер, – деді Қошанов.

Түркия президенті Қазақстанның түркі әлемі мен Түркі мемлекеттері ұйымындағы маңызды рөлін атап өтіп, Мәжіліс спикеріне IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

– Қазақстандағы тұрақтылық бүкіл өңір үшін маңызды. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары мен кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Қазақстандағы үдерістерді ерекше бақылап отырмын. Жалпы, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келеді. Осы орайда парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы зор, – деді Ердоған.

Фото: Parlam.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.