Қазақстандағы киік саны 1,9 миллионнан асты
Қазақстандағы киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Exclusive.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артқан.
Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны – 1,13 млн. дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700.
Киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары қатысқан.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.