English version

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Контекст дня — 20 сентября 2022 14:50
0 -1

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы төленген зейнетақылар туралы статистиканы жариялады. Төлемдердің орташа мөлшері 10 мың теңгеге өскен.

2022 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға жалпы сомасы 1,9 трлн теңге зейнетақы төленді. Республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244 млрд теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыға – 74,2 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 169,9 млрд теңге.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар. Зейнетақының орташа мөлшері – 109 224 теңгені құрады.

– Еске салайық, 2018 жылы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір азаматқа зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады, – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.