Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгеге жуықтады
Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 2022 жылдың үшінші тоқсанында 299 782 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова үшінші тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте екінші тоқсанға қарағанда төмен екенін айтты. Бұл екінші тоқсанға келетін маусымдыққа (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) байланысты.
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша жалақының өсуі байқалады. 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда құрылыс саласында жалақы 34,5%-ға өскен, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, Көлік және қойма қызметі – 31,1%.
2022 жылғы ІІІ тоқсандағы номиналды және нақты жалақы индекстері
Өңірлер бойынша Ұлытау облысында еңбек ақы мөлшері айтарлықтай өскен.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды үгіт-насихаты барысында халықтың көп бөлігі несие алып, қарызға батқаны туралы айтқан.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.