English version

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Контекст дня — 4 ноября 2022 18:30
0 -1

Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.

Бұдан былай 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.