Қазақстанда жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады
Қазақстанда жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады. Бұл туралы үкімет кулуарында министр Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Биыл жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Тиісті құжаттар бар, тізім бар. Бұл тізімге қолдау көрсетіледі және мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 23 өңір қамтылады, – деді Бейсембаев.
Сондай-ақ жоба аясында жаңа мектептер салынып, ескі мектептер жөндеуден өтетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жемқорлардан тәркіленген ақша Қаржы министрлігінің арнайы шотына түсетінін айтқан болатын. Қазірдің өзінде 50 млрд теңге бар, жақын арада бұл сома 100 млрд теңгеге дейін өседі.
Коллаж: Exclusive.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.