Ya Metrika Fast


English version

Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар пайда болады

Контекст дня — 26 сентября 2023 15:15
0
Изображение 1 для Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар пайда болады

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, стихиялық қоқыстарды жою шаралары талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Смайылов қалдықтардың жинақталып қалуы және стихиялық қоқыстардың пайда болуы өзекті экологиялық проблемалардың біріне айналғанын атап өтті.

– Тиісті инфрақұрылым жасалып, халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан. Бұл Еуропа елдеріне қалдықтарды өңдеу көрсеткішін 50%-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Швеция елі тұрмыстық қалдықтардың 99%-ын қайта өңдеп, пайдаға жаратып отыр. Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады, – деді Әлихан Смайылов.


Сондай-ақ қалдықтарды басқару саласында атқарылып жатқан шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті. 1 қарашаға дейін өңірлерде Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту қажеттігін және жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын 2 есеге қысқартуды талап етті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.