Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы АҚШ-та әлем чемпионы атағы үшін кубалық Давид Моррельмен жұдырықтасады.
«Хабар» телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де Айдос Ербосынұлы мен Давид Моррель жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, боксшылар жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Айдос Ербосынұлы бұған дейін елордада Гайана спортшысы Леннокс Алленмен (22-2-1, 14 КО) жекпе-жек өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.
АҚШ-та өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов те өнер көрсетеді, ол америкалық боксшы Демаркус Лейтонмен жұдырықтасады.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.