English version

Қазақстанды Еуроодаққа қосу мәселесін қарастырамыз – Перуашов

Контекст дня — 1 февраля 2023 14:30
0 -1

Қазақстан Еуропалық даму жолын, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдерді, өмір сапасының еуропалық стандарттарын енгізуге тиіс. «Ақ жол» партиясы Қазақстанның Еуропалық одаққа кіруі туралы мәселе көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы партия жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Біздің таңдауымыз – «Ақ жол» демократиялық партиясының таңдауы – бұл Еуропалық даму жолы, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдер, өмір сапасының еуропалық стандарттары. «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, біз болашақты батыс елдерінің ең үздік жетістіктеріне қосылу арқылы елестетеміз. «Ақ жол» партиясы болашақта Қазақстанды Еуроодаққа қосу мәселесін қозғауды қарастырады, – деді Перуашев.

Власть сайтының мәліметі бойынша, Перуашев Еуропалық даму жолының мысалы ретінде әділ сайлау өткізу, электронды дауыс беруді жүзеге асыру, тәуелсіз және әділ сот құру, демократия мен парламентаризмді дамыту қажеттілігін келтірді.

Оның айтуынша, осы тармақтардың барлығы партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына енгізілген.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Қазақстанды Еуроодаққа қосу мәселесін қарастырамыз – Перуашов
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.