Қазақстандық студент дүниежүзі бойынша ең беделді жарыста медаль иеленді
Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Сүйінші хабарды министр Асхат Аймағамбетов хабарлады.
– Жарыс 9-17 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі.
Динаны жеңісімен құттықтаймын! Оның еңбегі, білімі мен табандылығы еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін, – деп жазды Аймағабетов.
WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатыр. Чемпионатқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 30 құзыреттілік бойынша қатысып жатыр.
Айта кетейік, жарыстар 10 елдің 16 қаласында өтіп, 28 қарашаға дейін жалғасады.
Фото: Inform.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.