English version

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркия жеріне аттанды

Контекст дня — 8 февраля 2023 16:30
0 -1

Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды, деп хабарлайды Exclusive.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, жеке құрам ұшаққа отырған. Құтқару жабдықтарын жүктеу аяқталды.

Өткен тәулікте бірінші топ өте көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде. Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр.

Айта кетейік, құтқару жұмыстары тәулік бойына жалғасып жатыр.

Фото: ТЖМ

Изображение 1 для Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркия жеріне аттанды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.