Ya Metrika Fast


English version

Қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап етті

Контекст дня — 31 июля 2023 18:00
0
Изображение 1 для Қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап етті

Қазақстандықтар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап етіп, петицияға қол жинап жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Петиция авторы Қазақстандағы барлық ұялы байланыс операторлары тарифтерді бірден екі есеге көтергенін алға тартты.

Айта кетейік, кейінгі уақытта қазақстандықтар интернет сапасына қатысты жиі шағым айтады. Бұған дейін министр елдегі интернет жылдамдығын өзге елдермен салыстырып, Астана бұл жағынан дамыған Токионы да басып озғанын айтқан еді.


Қазір петицияға 5144 адам қол қойған. Дауыс берушілердің көпшілігі министрдің отставкаға кетуін қолдайды.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.