Ya Metrika Fast


English version

Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды – Смайылов

Контекст дня — 7 ноября 2023 17:40
0
Изображение 1 для Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды – Смайылов

Бүгін Үкімет отырысы өтіп, егін жинау науқаны аясындағы жұмыстар талқыланды. Премьер-Министр биыл егіншілер үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды. Сондай-ақ заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.


– Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген, – деді Премьер-Министр.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.