Қазақстандықтар Назарбаевтың туған күнін атап өткісі келмейді
Qalam қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне қатысты сауалнама жүргізді.
Респонденттердің 63 пайызы 6 шілде мерекелік күн болмауы керек деп санайды.
Қазақстандықтардың басым бөлігі, атап айтқанда, 63%–ы 6 шілде – тұңғыш президенттің туған күні мемлекеттік мереке болмауы тиіс деп санайды. Бұл күнді мереке күні қалдыру идеясын респонденттердің үштен бірі – 30% қолдады. Әрбір 14-ші адам (7%) жауап беруге қиналатынын айтқан.
Пікірде өңірлік деңгейде, гендерлік қатынаста, қоғамның ұлттық бөлінісінде елеулі айырмашылықтар байқалмайды.
Сауалнамаға Қазақстан бойынша облыстардан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларынан 2 500 адам қатысты. Сауалнама face to face әдісімен жүргізілді.
Сауаланамаға қатысқандар:
- 62% қала тұрғындары және 39% ауыл тұрғындары;
- 47% ерлер және 53% әйелдер 18-ден 83 жасқа дейін;
- Қазақтар – 68%, орыстар – 24%, басқа ұлт өкілдері 8%.
Қызмет түрі бойынша респонденттердің 30% жеке секторда жұмыс істейді, 24% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 19% мемлекеттік қызметкерлер, 13% зейнеткерлер, 9% студенттер.
Респонденттердің үй шаруашылықтары табыс деңгейі бойынша: 46%–ы отбасының бір мүшесіне 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 33%-ы 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 14%-ы 150 мың және одан жоғары. Респонденттердің 4%-ы өз кірістерін атауға қиналды, 3% жауап беруден бас тартты.
Сауалнамаға қатысушылардың білім деңгейі: жартысынан көбі жоғары білім (51%), 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 11%-ның орта білімі бар.
Фото: DW
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.