Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді талап етті

Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта петицияға 3,5 мыңнан астам адам қол қойған. Петиция авторлары әкімдерге, министрлерге, депутаттарға және басқа да мемлекеттік қызметшілерге қарапайым халықтың орташа жалақысына өмір сүруді ұсынды.
– Олар бір ай 85000 теңгеге өмір сүруге болады деп сенгендіктен, шенеуніктерге жоғары жалақы төлемеу қажет. Ал артылған ақшаны қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағыттауға болады, — деп жазылған петицияда.
Сондай-ақ шенеуніктердің жалақысынан үнемделген қаражатқа жәрдемақыларды, мүгедектер мен асыраушыларынан айырылған отбасыларға арналған төлемдерді ұлғайту ұсынылды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.