English version

Қазақстанды жасанды ел деп «атаған» Медведев мәлімдеме жасады

Контекст дня — 4 августа 2022 16:30
0 -1

Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев парақшасындағы Қазақстан туралы жазбаға түсініктеме берді.

– Мұндай жағдай бірінші рет емес. Мен Үкімет төрағасы қызметін атқарған кезімде осындай шабуылдармен бетпе-бет келетінмін. Бұл біз айтқан ақпараттық соғыстың көрінісі. Мен әлеуметтік желінің әкімшілігі тексерулерін жүргізетінін тағы да растаймын. Кінәлілер жазасыз қалмайды, – деді ол.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ одақтастарының арасына іріткі салғысы келетіндер көп.

– ҰҚШҰ, ЕАЭО немесе ШЫҰ одақтастарының арасына ірікті салғысы келетін жаулар жетеді. Бірақ біз бұған жол бермейміз. Біз ешқашан бұлай жұмыс істеген емеспіз және істемейміз. Бұл біздің ережеміз бен моральдық принциптерімізге сәйкес келмейді. Достарымызбен тікелей әрі ашық сөйлесеміз. Дұшпандар бізді араздастыра алмайды, – деді Медведев.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.